Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Мадина Султанова «Ақтөбе реальс-арқалық зауыты» ЖШС мамандарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Президенттік жастар кадр резервіне қойылатын талаптар, салалық бағыттары мен кезеңдерін атап өтті.
📣Естеріңізге сала кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жасы 3️⃣5️⃣ жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4)мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген;
5) 5️⃣ жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
✔️Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
2) агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
3) сыртқы саясат және инвестициялар;
4) экономикалық және қаржылық саясат;
5) цифрландыру;
6) әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Тағы да
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі тақырыбында тікелей эфир өткізілді
«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары және кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді