Департаменттің басқарма басшысы Р.Ш.Мажитов Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалында қайта даярлау курсының тыңдаушылары — мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі, Әдеп кодексінің талаптары, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті мен функциялары, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оны қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.
📝 Бұдан басқа,тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді.
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#МҚІА

Тағы да
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі тақырыбында тікелей эфир өткізілді
«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары және кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді