Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Г.Б.Сисенбина “AQTOBE” телеарнасының “Сәті түскен сұхбат” бағдарламасына қатысып, сұхбат берді.
🔸Сұхбат барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі, Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оны қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.
🔸Бұған қоса, қоғам тарапынан сынға жол бермеу, құмар ойындарға тәуелділікті болдырмау, жұмыс уақыты режимін сақтау, икемді жұмыс уақыты режимін қолдану, мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі туралы жеткізді.
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#МҚІА

Тағы да
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі тақырыбында тікелей эфир өткізілді
«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары және кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді