Ағымдағы жылдың 29 тамызында Департаментпен Ақтөбе облысы, қаласы және аудандық әкімдіктер, облыстық мәслихат аппараты, тексеру комиссиясының персоналды басқару бөлімдері қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізілді.

🔸Аталған семинарда Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Г. Бисекешова «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне енгізілген өзгерістер және мемлекеттік қызметшілердің электрондық жеке істерін толтыру бойынша түсіндірме жүргізді.
🔸Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Р.Мажитов Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік органдардағы тәртіптік тәжірибесі, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша ақпараттарды жеткізді.
🔸Семинар барысында Департамент тарапынан қойылған сауалдарға түсініктемелер беріліп, қатысушылармен пікір алмасу өткізілді.
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#МҚІА
#АДГС

Тағы да
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі тақырыбында тікелей эфир өткізілді
«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары және кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді