Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Бисекешева ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалының арнайы курс тыңдаушылары — ауыл әкімдерімен кездесті.
🔹Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласында орын алған өзгерістер, оның ішінде ауылдық жерлерге жастарды тарту бойынша іске қосылған тетіктер туралы айтылды.
🔹Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасында қарастырылған басты бағыттар туралы сөз болды.
🔹Өз кезегінде әкімдер тарапынан мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты ұсыныстар берілді.

Тағы да
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі тақырыбында тікелей эфир өткізілді
«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары және кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді