Департаменттің ұйымдастыруымен «Жақсылыққа жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда
📚 Акция аясында мемлекеттік қызметшілер қатарынан құралған «Еріктілер кеңесі» мүшелері тәттілер жинағы, жұмсақ ойыншықтар, дамытушы ойындар, жылы киімдер, кітаптар, мектепке қажетті дәптер, қаламсап пен кеңсе заттары сынды оқу құралдарын жинап, «Анаға тағзым» орталығындағы қайырылымдылық ұйымға аз қамтылған отбасыларға тарату үшін табысталды.
📌Іс-шараға Көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлімшелік басқармасы, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының, Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысты.
✅ Шараға қолдау көрсеткен мемлекеттік органдарға алғыс білдіреміз!
#Қайырымдылық
#МемлекеттікҚызмет
#ЕріктілерКеңесі
#госслужба
#МҚІА
#АДГС

Тағы да
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі тақырыбында тікелей эфир өткізілді
«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары және кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді